Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығына 11 млрд. теңге бөлінеді

112

Түркістан облысының әкімі Келес ауданының шаруаларымен кездесті. Өңір басшысы іссапар барысында Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Нұржан» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Қожалық иесі өзінің өнім алу технологиясымен бөлісті. Оның иелігінде 8 гектарлық жылыжай бар. Онда 40-қа жуық азамат еңбектенуде. Жылыжайда көкөністің қырыққабат, қызанақ, қияр құлпынай және бұрыштың сан түрлі сорттары өсіріледі.

Сонымен қатар кәсіпкер көкөністерді тұқым күйінде егіп, шаруаларға дайын көшет күйінде саудалауды қолға алған. Шаруалар жұмысын бақылаған облыс әкімі ауыл шаруашылығын дамыту үшін өңірге 11 млрд. теңге қаралғанын атап өтті.