Жақсы жан өтті өмірден…

610

Бүгін белгілі фототілші, Қазақстанның Құрметті журналисі, әріптесіміз Қасымбек Нұрбеков бақилық болды. Қасымбек Нұрбеков өткен ғасырдыӊ 60-шы жылдарында республикалық «Лениншіл жас», облыстық «Оӊтүстік Қазақстан» газеттерінде фототілші болып еӊбек етті.

Облыстың бас газетінде 30 жылдан астам уақыт қызмет атқарды. Ол суретші үшін еӊ қиын болып табылатын жұмыс пен шығармашылықты қатар алып жүрді. Мұны жұма күні жан тапсырған ағамыздың жаназасына жиналған жұрт айтып жатты.

Ардақты жанның туыстарына және «Отырар» телеарнасының бас редакторы Зауре Оралбаеваға қайын атасының мезгілсіз қазасы үшін қайғырып көңіл айтамыз. Марқұм Қасымбек Нұрбековтың жеті күндік асы 30-тамыз күні «Оңтүстік Қабылдау үйінде» өтеді.

Шынар Оразова