Сапасыз табиғи газдың қысымы мен оның құбырдан өтуі – мәселені қалай шешуге болады? Осы және өзге сауалдардың жауабын анықтап білу үшін, Сарыағаш ауданында айрықша пресс-тур өтті.
Бұл жолы мемлекеттік мекеменің өкілдері мен үкіметтік емес және қоғамдық ұйымның мүшелері сондай-ақ, көшенің тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қана қойған жоқ. Тәжірибе жүзінде көрсетіп, мәселенің мән-жайы, дерегі дәйектелді. «ҚазТрансГай Аймақ» АҚ облыстық филиалында жүгенді жоспарды инвест бағдарламаның аясында жүзеге асырып отыр.
Әсия Ибрагимова, Сарыағаш ауданының тұрығы: «Қазір жағдайымыз жақсы. Табиғи газ келіп, от жағып, күл шығарудан құтылғанымызға қуанамын!»
Жаңғыру жұмыстары осыдан 3 жыл бұрын басталған. Бұл уақыттың ішінде кәсіпорын 419 шақырым газ құбырын төсеп үлгерді. 6 764 пункттерді, 13 газ реттеуші бекет-жасақтарды, 76 газ реттеуші пункттерді орнатты. 121 шкафті -реттеуші бекеттті, 10 протекторды ауыстырды, химиялық қорғанысты 12 катод станциясын ауыстырумен қалпына келтірді. Үш газ тарату қондырғысын орнатты, газ құбырларының 8,31 км ауыстыру бойынша жұмыстарын жүргізді.
Кәсіпорындарға 2018 жылға дейін толығымен ауыстырылып, жобаның жүзеге асуын ерекше екшеп отыр. Бұл – жұмыстың және қоғамның қауіпсіздігі, технологиялық-техникалық тұсынан да тиімді, газдың тиісті мөлшері еш кедергісіз қосылып, уақытылы жетеді. Ысырап болмайды. Сондай-ақ, газ қондырғысының қауқары да құнтталып, тұтынушылар сапалы қызметке дер кезінде қол жеткізе алады.
(Мем.лиц № 12012602 от 28.09.2012ж. ҚР ГУ Агенттігінің атом энергиясы бойынша берілген)
***жариялау ақысы төленген