«Алтын адамның» көшірмесі жасалды

1435

Семейде Шіліктіден табылған «Алтын адамның» көшірмесі пайда болды. Оны суретші-реставратор, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері әрі академигі Алтынбек Қырым жарты жыл бойы қалпына келтірумен айналысты. Өлкетану музейінде бірегей экспонаттың тұсаукесер рәсімі өтті, — деп хабарлайды «Хабар24».

Жануарлар мен өсімдіктер бейнеленген костюм 4 мың алтын жалатылған бұйымнан жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, Шіліктідегі «алтын адам» 2004 жылы табылған болатын. Оның жерлеу мерзімі біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырға жатады. Демек Шіліктіден табылған «алтын адам» Есіктегіден 400 жылға үлкен.

Ләззат Әлжан, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары: «Әрине, бұл өте біз үшін тарихи маңызды оқиға деп айтуға болады. Өйткені «алтын адамның» тарихын семейліктерге, жерлестерімізге, қала қонақтарына, өскелең ұрпаққа таныстыру – міндетіміз. Өйткені бұл – қазақтың тарихы. Сондықтан қазақтың тарихын білу, оны жастарға үйрету – біздің парызымыз».