Елімізде 70 мың адам маскүнем ретінде тіркеуде тұр

753

Елімізде медициналық айықтырғыш және алкоголизмнен емдеу орталықтары жетіспейді, деп  хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылы осы ұйымдардың көмегіне 5 мың 300 адам жүгінген екен. Алайда, олардың мыңнан астамы емдеуден өткен жоқ. Қалмұханбет Қасымов Үкіметте осы мәселені де көтерді. Айтуынша, ауыр қылмыстың 60-70 пайызы ащы сусындарға құмарлар кесірінен тұрмыстық жағдайда орын алады. Яғни, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан болатын қылмыс саны — 46 пайызға өскен. Мәселен, бүгінде 70 мың адам маскүнем ретінде тіркеуде тұр. Министр бұл мәселені шешу үшін мамандандырылған инспекторлардың санын арттырып, полиция пунктерін көптеп ашу қажет деп санайды. Бүгінде қосымша 440 пункт салу керек, сондай-ақ 1 мың 428 пункті жөндеуден өткізу қажет.