Алкоголизммен ауыратын азамат мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

фото akzent.zp.ua

 Сайрам аудандық сотына арыз беруші «Сайрам ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ  МКК-і  алкоголизммен ауыратын азамат А-ның өз еркімен емделуден жалтарып жүргенін негіздеп, мәжбүрлеп емдеуге жіберу жайлы арызбен жүгінген.

 Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. 2022 жылдан бастап облыстық наркология орталығында алкогольді қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлық ауытқулары диагнозымен диспансерлік есепте тұратыны үнемі алкогольдік ішімдік ішіп, өз еркімен емделуден бас тартқаны, арнайы медициналық сараптау комиссиясының қорытындысымен созылмалы маскүнемдікпен ауыратыны және 6 ай мерзімге маскүнемдіктен еріксіз емдеуді қажет ететіндігі бекітілген.
Арыз берушінің өкілі А., сот отырысында арызды қуаттап, А-ны ұдайы алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзатынын, соңғы айларда салынып ішетінін көрсетіп, арызды қанағаттандыруды сұрады.
Сайрам ауданы полиция басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, науқас ұдайы түрде алкогольді ішімдіктер ішетінін, мас күйінде көшеде, қоғамдық орындарда жүретінін, өз еркімен алкоголизмнен емделмейтінін, алкогольді масаң күйде қоғамдық тәртіпті бұзатынын көрсетті.
Аудандық соттың шешімімен арыз беруші «Сайрам ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ МКК арызы қанағаттандырылып, азамат А. 6 ай мерзімге маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу үшін мамандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне еріксіз емдеуге жіберілді. Шешім заңды күшіне енген