Головкин әлем чемпионы атағын қайтарып алуы мүмкін

213

Халықаралық бокс федерациясының (IBO) президенті Эд Ливайн мексикалық Сауль Альварестің Геннадий Головкинмен болған жекпе-жекте жеңімпаз атанғанына қарамастан, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігін ала алмайтынын мәлімдеді.

«Канело» расында IBO нұсқасы бойынша атақты ала алмайды. Біз онымен келісімге келе алмадық. Енді бос тұрған атақ үміткерлер арасында сарапқа салынады», – деді Ливайн.

Ақпарат көзі: prosports.kz және «Хабар24»