51 жастағы ер адам көршісін пышақтап тастады. Екеудің арасындағы араздық спирттік ішімдіктен кейін орын алған. Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылында орын алған оқиғаға күдікті азамат ұсталды.
ҚР ҚК — нің 24 бабы, 99 бабының 1-ші бөлігі, «қасақана кісі өлтірмек боп оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Тергеу кезінде күдіктіні екі айға қамау туралы санкция берілді»-деп хабарлайды Қазығұрт аудандық сотының судьясы Гүлмира Рахымбаева. Ал пышақтан жараланған азамат аман, қазір аудандық ауруханада ем-дом алып жатыр.
Жанар Есенбекова