Шымкентте полицейді пышақтағандардың ісі сотқа өтті

323
фото КТК

Тапа тал түсте сауда орталығының автотұрағында учаскелік полицей, сержант Нұржан Омаровтың кеуде тұсына сотталушылар жеті пышақ жарақатын салған болатын. Оған қарамастан тәртіп сақшысы қылмыскерді құрықтаған.

Өткен жылдың қазан айында полиция сержанты Нұржан Омаров өзінің әріптесімен бірге сезікті екеуден құжаттарын көрсетуді талап еткен. Көлік тонамақ болып күмән тудырғандар бірден қаша жөнелген. Соңдарына түскен тәртіп сақшыларынан құтылу үшін полицейдің бірін пышақтаған. Күдіктілердің екеуі де Кентау қаласының 20 жастағы тұрғындары болып шықты. Біреуі бұған дейін де бұзақылық үшін сотты болған. Енді екеуі де ҚР ҚК – нің бірнеше баптарымен сот алдында жауапқа тартылады.

Әсел Сәденова, Шымкент қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: «Тергеу жұмыстары аяқталды. ҚР ҚК -нің 380 бабы, 2-ші бөлігімен, билік өкілінің өміріне қауіп төндіріп күш көрсету, 378 батың 1-ші бөлігімен билік өкілін балағаттау бойынша, сондай – ақ, алдын ала сөз байласып, қару пайдаланып қарақшылық жасау бойынша айып тағылды. Іс материалдары сотқа өткізілді».

Құрықталғандар 12 ақпан күні сот алдында жаапкершілікке тартылады. Алған дене жарақаттарына қарамастан қайсарлық танытып қылмыскерлерді құрықтаған полиция қызметкері Нұржан Омаровты марапатқа ұсыныпты. Сондай -ақ қызметін жоғарылатқан.

Жанар Есенбекова