Түркістан облысында үшем дүниеге келді

859

Түркістан облысында алғашқы үшем дүниеге келді. Келес ауданы Бірлік ауылының тұрғыны Аяжан Төленді 23 жасында алты балалы ана атанды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

№1 облыстық перинаталды орталық дәрігерлерінің айтуынша, екі келі салмақпен туылған нәрестедердің жағдайы жақсы. Олмахан Төрәлі, Фатима мен Зәурені үйлерінде үш ағасы күтуде.

Жаңадан құрылған Түркістан облысы мен Келес ауданында дүниеге келген алғашқы үшемнің жағдайлары қанағаттанарлық. Жақын күндері перзентханадан шығарылады деп күтілуде.