Фото 24.kz

Сингапурлық инвесторлар Түркістан облысындағы зауыттың қуатын арттыруға 15 миллион доллар қаржы бөледі, деп хабарлайды 24.kz. Мұнда демде дайын болатын отандық кеспе өндіріледі. Қазір бұл кәсіпорында 22 адам жұмыс істейді. Ал инвестиция құйылса, зауытта еңбек ететін қызметкерлер қатары 150 адамға көбейеді.

Халықаралық талапқа сай келетін сапалы өнімдер шығарылып, кәсіпорын аумағында тамақ өнімдерін шығаратын цех ашылады.

Бриж Лодха, сингапур компаниясының өкілі: «Қазақстан – Орталық Азияда инвестиция салуға ең қолайлы ел. Сіздерде жақсы шикізат көзі саналатын сапалы ұн бар. Біз үшін өнімді Қазақстанда өндіріп, оны сыртқа экспорттау тиімді».