ТҚЖБ «Әскери баспана» бағдарламасы арқылы үй алудың жолдарын ұсынды

420
Фото 24.kz

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әскери қызметкерлерге «Әскери баспана» бағдарламасы арқылы үй алудың бірнеше жолын ұсынады, деп хабарлайды 24.kz. Алғашқысы баспана құнының 5 пайызына тең алғашқы жарнасы бар әскери қызметші, жылдық мөлшерлемесі 7 пайызға тең болатын несиеге үміт арта алады.

Талап – алатын үйі жаңа болуы тиіс. 20 пайыз көлеміндегі бастапқы жарнасы болса, несиенің жылдық мөлшерлемесі 6 пайызға төмендейді. Бұл жағдайда да жаңа үйден алу талап етіледі. Ал баспананы қолданыстағы үйлерден таңдап аламын десе, 20 пайыз бастапқы жарна жинауы тиіс, оның жылдық мөлшерлемесі 8 пайыз болады.