Түркістан облысына еңбек етуге немесе басқада мақсаттармен келіп тіркелетін шетелдіктер көп. Басым бөлігі отбасын асырып, нан табу үшін келетіні жасырын емес. Тек, бір бөлігі ҚР көші қон заңнамасына сүйеніп әрекет етсе, көбі заңды белден басып өткенді қолай көреді. Десе де Түркістан облыстық ІІД көші қон қызметтері басқармасының қызметкерлері оларды дер кезінде анықтап, тиісті шаралар көруде. Ендеше, 2018 жылдың 7 айында басқарма атқарған жұмыстың бір парасына тоқталып өтсек.
Түркістан облыстық ІІД Көші-қон қызметі басқармасының инспекторы Нұрбол Ташкенбаевтың айтуынша, жаз басталғалы облысымызға ағылған шет ел азаматтарының қатары қалыңдаған. Оның ішінде оқуға келгендері, іс-сапар, жеке мақсатпен жолы түскендер де бар. Бірақ басым бөлігі еңбек мигранттары екен. Соның өзі бизнес келушілер, маусымдық жұмысшылар, үй шаруашығында жұмыс істеушілер және тартылған шет елдік жұмыс күші деп бөлінеді.
–Біздің өңірімізге көп келетіндері – үй шаруашылығында жұмыс істеушілер,- дейді инспектор.
Иә, бұл түсінікті де. Жаз мезгілінде оларға ұсынылатын жұмыс та көп. Жұмыстың нағыз қызған шағы.
– Жеке үй шаруашылығында еңбек мигранттарын пайдаланған заңды тұлғаларға да тиімді, өйткені келушілер көп ақы талап етпейді,-дейді Нұрбол.
Айта кетейік, шетелдікке берілетін рұқсат қағазбен жеке тұлғаның қолында, яғни оның үйін ішкі жөндеу, бағбан, аспаз, бала күтуші болып жұмыс істей алады. Ал жеке тұлғаға осы мақсатта 5 адамға дейін жұмысқа тартуына болады. Ал коммерциялық мақсатта жұмыс істеуге рұқсат жоқ.
Нұрбол Ташкенбаевтың сөзінше, тіркелген сыртқы мигранттар және еңбек мигранттарының саны бойынша Түркістан қаласы көш бастап тұр. Түркістан қаласына 2018 жылдың 7 айында 20 мыңан астам шетелдік тіркелген. Оның ішінде 10 200 шетелдікке жеке үй шарушылығында жұмыс істеуге (құрылыс жұмыстарына аспазшылыққа бағбандыққаүй бикесіне /бала күтімі/және т.б) рұқсат қағазы рәсімделген.
– Еңбек мигранттарының саны көп болған соң, өндірілетін салықтың да саны сондай болады,- дейді Нұрбол Ташкенбаев.
Айтуынша, 10 200 еңбек мигрантынан 7 айда 56 млн теңге салық түскен.
Ал дәл осы 7 айда жедел-алдын алу шараларының және күнделікті атқарылған жұмыс нәтижесінде Республикамыздың көші-қон заңдылығына қатысты 177 құқықбұзушылық анықталған. Олардың бәрі – шетелдік азаматтар. Соның ішінде құқық бұзған 162 шетелдікке хаттама толтырылған. 40 адам елден аластатылыпты. Құқық бұзушылық жасаған шетелдіктерге жалпы – 1 млн 774 956 теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілген.
Нұрбол Ташкенбаев тағы екі ауданның көші-қон ахуалына тоқталып өтті. Анық болғандай, Түлкібас ауданына тіркелген шет елдіктердің де саны аз емес. Мысалы, 2018 жылдың 7 айында ауданға түрлі мақсатта келіп, тіркелген шетелдіктердің саны 10 мыңнан асып жығылады.
– Оның ішінде 3356 шет ел азаматы жеке үй шаруашылығында еңбек етуге өтініш білдірсе, барлығына рұқсат қағазы рәсімделді,- дейді инспектор.
Олардың дені құрылыс жұмыстарында еңбек еткен. Еңбек мигранттарынан 13 млн 676 мың теңге өндірілген. Сондай-ақ 7 айда көші-қон саласына қатысты құқықбұзған 120 шет ел азаматына, 110 ҚР азаматтарына хаттама толтырылған. Өндірілген айппұл көлемі – 890 мың теңге. Ал заңды өрескел бұзған 35 азамат елден аластатылған.
Ал Төлеби ауданында 7 айда тіркелген шетелдіктердің саны небәрі – 4060 адам. Оның 2000-нан астамы жеке үй шаруашылығына жұмыс істеуге рұқсат қағазын рәсімдеген. Еңбек мигранттарынан аудан бойынша 15 млн 723000 теңге өндірілген. Ал құқықбұзған шет елдік азаматтардың 117-сіне хаттама толтырылып, нәтижесінде 477 392 теңге айыппұл өнідірілген.
Нұрбол Ташкенбаев өңірімізге уақытша келіп тіркелетін шетелдіктердің басым көпшілігін– іргелес Өзбекстан Республикасының азаматтары құрап отырғанын айтады. Одан кейінгі орында Тәжікстан, Қырғызстан елінің азаматтары екен.
– Шекарадан күніне мыңдаған азаматтар бері өтіп, соншамасы елден шығып жатыр. Сондықтан нақты саны мұнша деп көрсете алмаймыз,-дейді Нұрбол.
Бірақ көші-қон мәселесі басқа өңірлермен салыстырғанда, бізде күрделірек. Мұның бәрі облысымыздың орналасу ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан да көші-қон ағынының ауқымдылығын көші-қон қызметінің деректерінен қарап-ақ білуге болады.
Облыстық ІІД КҚҚБ берген сандары былай сөйлейді.
Облыс аумағында 2018 жылдың 7 айында барлығы 194257 шет ел мигранттары тіркелген
(2017 жылы 233544, -16,8), яғни алдыңғы жылмен салыстырған бұл көрсеткіш 16,8 %-ға азайған.
Оның ішіндегі 406-сы алыс шетелден (783, -48). ал 193869-ы ТМД елдерінің азаматтары.
Келу мақсаттары да сан түрлі.
7 айда тіркелген шет ел азаматтарының ішінде:
іскерлік сапармен — 2875 (1603, +44,2);жұмысқа – 36480 (21389, +41,3);
жеке сапармен – 146832 (203728, -27,9);
туризм – 593 (457, +22,9);
оқуға – 2327 (1912, +17,8);
миссионерлік – жоқ
басқа мақсаттармен – 5150 (4455, +13,4) келген. Соның ішінде 176691 шетелдік елден қайта шыққан (212071, -16,6). Ал 17566 шетелдік (21473, -18,1) ТО аумағында қалған.
Шекарадан өту-кету кезінде 7 айда 77 қылмыс анықталған (23. +70,1). Оның ішінде:
ҚР ҚК 393 бабы, Мемлекеттік шекарадан заңсыз өту бойынша – 1 (0, 100);
ҚР ҚК 393, Ел аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімдерін орындамағаны үшін – 73 (22, +68)
Әкімшілік құқықбұзғандар да бар, әрине. Олардың анықталғанының саны 7айда – 5083 (4767, +6,2). Оның ішінде:
ҚР ӘҚБтК 517 бабы, Шетелдіктердің ҚР болу ережелерін бұзу бойынша – 3171 (2621, +17,3);
ҚР ӘҚБтК 518-бабы, Өкілетті тұлғаның, ҚР азаматының немесе шетелдіктің ҚР болу ережелерін бұзу (517 бапта көрсетілген ережені бұзуға жол берген тұлға) бойына – 341 (196, 42+5);
ҚР ӘҚБтК 519 бабы, Шетелдік күшін тарту мен пайдалану ережесін бұзу – 193 (87,54,9) азамат анықталған.
Елден аластатылған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдардың саны 7 айда 447-ні құраған(408, +8,7).
1363 шетелдікке (1742, -21,7) 18 млн 167 571 мың теңге (18 млн 922 296 мың, -3,9) айыппұл салынып, 100 пайыз өндірілген.
Ал тіркелген шетелдіктердің 40219-ына (24450, +39,6) жеке үй шаруашылығында жұмыс істеуге рұқсат берілген. Ондағы алдын-ала төлем сомасы – 307556675 (126419128, +58,8)теңгені құраған.
2018 жылдың 7 айында шетелдіктермен жасалған қылмыс саны — 31 болса, шетелдіктерге қарсы 56 қылмыс жасалған.
Мамандардың мәліметіне зер салып қарасақ, көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер мен еңбек мигранттарының саны 2017 жылмен салыстырғанда бірнеше пайызға өскенін байқауға болады. Сондықтан өңірімізде көші-қон заңдылығының сақталуын қамтамасыз ету, облыс аумағында заңсыз қызмет жасап жатқандарды, көші-қон заңнамасы саласындағы құқықбұзушылық пен қылмыстарды анықтау және жолын кесу мақсатында өтетін жедел алдын алу шаралары күшейтіліпті
Нұрбол Ташкенбаев, ТО ІІД КҚҚБ-ның инспекторы:
— Жедел алдын алу шаралары Республика бойынша жылына төрт рет өтеді, ал облыс көлемінде ай сайын жүзеге асырамыз. Әсіресе, қазір, яғни жұмыс маусымы қызатын жаз айларында рейд жұмыстарын жиілетеміз. Мысалы осы жылдың 18-20 шілде аралағында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткіздік. Нәтижесінде, ҚР көші-қон заңдылығын бұзған 903 азаматты анықтадық. Соның ішінде 778-і шетел азаматы болса 125-і Қазақстан Республикасының азаматы.
Инспектордың айтуынша, өңірімізге тіркеліп жатқан шетелдіктердің саны уақыт өткен сайын артуда. Сан артқан сайын заңбұзушылақтардың азаймайтыны рас. Сондықтан олардың алдын алу жұмыстары тағы күшейе түседі.
Әлия Әділбек
№33, 15 ТАМЫЗ 2018 ж.