Өз қызын пышақтаған ер адамға қатысты сот процесі басталды

479

Шымкентте ер адам өз қызын пышақтап тастаған. Осы қылмыстық іске қатысты Абай аудандық сотында сот процесі басталды.

Әкесі 28 жастағы қызын ашу үстінде асхана пышағымен жарақаттаған. Нақтырақ айтқанда, кикілжің кезінде қызының арқа тұсынан екі рет пышақпен соққылаған. 1960 жылы туған, Қазығұрт шағынауданының тұрғынына ҚР ҚК — нің 106 бабының 1-ші бөлігімен айып тағылып отыр. Тергеу барысында ер адам жасаған қылмысын толық мойындаған.