Астана уақыты бойынша сағат 17.00-ге қарай хабар таратуды қайта қалпына келтіру жоспарлануда, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Қазақстандық теле-радиоарналар жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты хабар таратуды тоқтатты, деп хабарлады теле-радиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор – «Қазтелерадио» АҚ.
Ақпаратқа сәйкес, радио және телеарналардың жұмысы 03.00-ден 17.00-ге дейін тоқтатылады.
«Қазтелерадио «АҚ спутниктік және эфирлік телевизиялық және радиохабар тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты телевизиялық және радио сигнал жойылады», — делінген хабарламада.
Осыған байланысты «Қазтелерадио» уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.