Қазақстанда телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатады

299
inform.kz

Қазақстанда 18 шілде күні телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«18 шілде күні 03:00-ден 17:00-ге дейінгі (Астана уақытымен) аралықта «Қазтелерадио» АҚ-тың спутниктік және эфирлік телерадио хабар тарату желісінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты, телевизиялық және радио сигналдар үзіледі», – делінген хабарламада. «Қазтелерадио» уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеді.