1628

Қаһарлы қыс қарсаңында шымкенттік сәнқой қыз – келіншектер үшін жақсы жаңалық! Сәнді, стильді, бастысы жылы киініп сақылдаған сары аязда тоңбас үшін «Эталон меха» тондарын алыңыз. Жаңа маусымда ресейлік дизайнерлер мутон мен қара күзеннен жасалған тоңдардың тың түрлерін ұсынуда. Егер нақты ақшаға сатып алар болсаңыз, 150 мың теңге үнемдей аласыз. Сондай-ақ, кашемирлі пальтолардың жаңа түсімі бар.

Қаракүзен мен қара түлкі мамығынан жасалған қыстық сырт киімдер сізді сары аязда жауратпайды. Шымкентке биыл қыс ерте келеді, сондықтан да «Эталон меха» тондар дүкені шымқалалық сәнқойларға жылы киімнің кең таңдауын ұсынды. Мегаполис тұрғыны Руфина Фазылова тон сатып алып үлгерді.

Руфина Фазылова, «Эталон меха» дүкенінің сатып алушысы: «Жақында ғана бұл дүкенде пальтолардың жаңа түсімі екенін білдім. Келгенде одан бөлек талай сәнді күртешелерді көріп қызығып кеттім. Жұп – жұмсақ, жып – жылы күртешені сатып алайын деп тұрмын».

Дегенмен табиғи, таза теріден тігілген тонға жетері жоқ. «Эталон меха» дүкенінде барлық уақытта сәннен де сападан да озық болған қаракүзен мен мутон тондарының тың түрлері ұсынылады. Бұл маусымда классикалық үлгілермен бірге соңғы кездегі аралас микс стильді тондарды да таба аласыз. Сапасына күмән келтірмеңіз. «Эталон меха» дүкені бір жылға кепіл бере алады.

Сергей Имашев, «Шымкенттегі «Эталон меха» дүкенінің басқарушысы: «Жас арулар мен егде әйелдерге дейін талғамына сай келетін тонды бізден таба аласыз. Пятигорск фабрикасының өнімдері нарықта сапасы мықты, сенімділігімен белгілі. Бір жылға кепіл уақытымыз тағы бар».

Сапалы тон іздегендер асығыңыздар. «Эталон меха» дүкені осы айға ғана жеңілдік жариялап отыр. Акция бойынша қаракүзен тонын нақты ақшаға сатып алғандар 150 мың теңге үнемдей алады.

Асығыңыз, айдың соңы 31 қазан акцияның аяқталар уақыты. Мекен жайы: Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, «Баян сұлу» СҮ . Күн сайын күндізгі оннан түнгі онға дейін жұмыс істейді.

Жанар Есенбекова