Абай ауданы әкімдігінің аппараты жаңа мекенжайға қоныс аударды. Бұған дейін Ә. Жангелдин көшесінің бойындағы №13 ғимаратта орналасқан әкімдік қызметкерлерін енді Байтулы баба көшесіндегі №6 -ші үйден табасыздыр.
Екі күннен бері қоныс аударумен әлек болып жүрген мемқызметкерлер жаңа ғимараттың сиымдылығы жақсы екенін айтуда. Айта өтейік, аудан әкімдігінде 30 мемлекеттік және 20 өзге де мамандар халыққа қызмет көрсетеді. Қала тұрғындары аудан әкімдігінің жаңа мекенжайына Бәйдібек би көшесі арқылы №103 бағыттағы қоғамдық көлікпен бара алады.
Нұрлан Күдерұлы