Еркектер де сүт безінің қатерлі ісігіне шалдығыды. Бірақ бұл дерт нәзік жандыларға қарағанда ер азаматтарда сирек кездеседі. Бұл туралы дәрігерлер тілшілердің қатысуымен өтен жиында мәлімдеді.

Салаға жауаптылардың айтуынша, өлім жағдайын азайтып, науқасқа жедел көмек көрсетудің бірден-бір жолы – дертті дер кезінде диагностикалау. Ауру неғұрлым ерте сатысында анықталса, науқасты кеселінен 100 пайыз айықтыруға болады. Әрі бұл – емге кететін шығынды да азайтады дейді мамандар.

Ақерке Шахаманов, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі: «Облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасына сәйкес облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы «Жалын» қоғамдық бірлестігімен бірігіп іс шара өткізудеміз. Негізгі мақсаты — халықты ақпараттандыру, салауатты өмір салтын ұстауды насихаттау және алдын ала тексеруге шақырту. Осы тұрғыда Шымкент қалалық онкологиялық диспансер алдағы 27 қазан күні «Ашық есік» күнін өткізеді. Қала тұрғындарын тексерілуге шақырамыз».

Қатерлі ісік ауруларын ерте сатысында анықтау мақсатында өткізілген іс — шара облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өтті. Жиында қатерлі ісік ауруы: сүт безінің қатерлі ісігі, ұйқы безінің қатерлі ісігі, терінің қатерлі ісігін емдеу жолы мен аурудың алдын алу жұмыстары талқыланады.

Айта кетейік, Шымкентте әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша ашық есік күні өтуде. Осы мақсатта қалалық онкологиялық диспансердің мамандары қазан айының әр сенбі күндері дәрігер-маммологтың қатысуымен тегін әрі жолдамасыз азаматшаларды қабылдау жұмыстарын жүргізеді.

Лаура Нақыпқызы