Төлеби ауданының тұрғыны Ақберген Табылдиев осыдан үш жыл бұрын ірі қара мал ұстап, шаруашылығын кеңейтемін деп шешті. Уақыт өте келе оның шаруашылығы отбасылық бизнеске айналды.
Балдырберек ауылы Түркістан облысы Леңгір қаласының маңайында орналасқан. 2015 жылы жас кәсіпкер Табылдиев «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на тауарлы сүт фермасын дамыту үшін жеңілдетілген несиелеуге өтініш тапсырған болатын.
Несие алу үшін бизнес-жоспар дайындау қажет еді. Мамандыңы заңгер болғандықтан, Ақберген Қорға нарықтағы жағдай жан-жақты көрсетілген, өндірістің рентабельділігі дәлелденген, жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін нақты жоба ұсынды.
Сонымен бірге қажетті құжаттар жинағын Қорға тапсырып, өз бизнес-жоспарын мақұлдау туралы шешім алған.
Міне осылай 2015 жылы, 22 миллион теңге көлеміндегі несие кәсіпкердің шотына аударылды. Бұл қаржыға кәсіпкер фермаға қажетті сүтті тұқымды 50 сиыр, трактор, сауу құрылғыларын, дән мен шөпті ұсақтайтын жабдықтар сатып алған. Және өз қаржысынан шаруашылықты тағы 20 мал басына көбейтті.
Жаз мезгілінде сүттің көлемі бір тоннаға жетеді. Кәсіпкер алған өнімді Көксәйек ауылындағы сүт өңдеу зауытына жеткізеді.
«Мен мамандық бойынша заңгермін, қоғамдық салада жұмыс істегім келді, — дейді Ақберген Табылдиев. – Бірақ қазір стартап-жобалар үшін ыңғайлы жағдай жасалып жатқанын көріп, оқыту курстан өттім. Осылай, өз бизнесімді іске асыру өте пайдалы екенін түсіндім. Ата-анам бала кезімнен туған жерге деген сүйіспеншілікті, ерінбеу еңбек жасауды үйреткен. Бүгінде біздің шаруашылығымыз аяғына тұрып, жергілікті сүт зауытымен ынтымақтастықты жалғастыруда».
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ тауарлы сүт фермаларын құру және кеңейтуге бағытталған «Ырыс» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырады. Несиелеу сомасы 85 млн. теңгеге дейін, мерзімі — 10 жылға дейін, жылдық сыйақы үстемесі — 6%, жылдық тиімді сыйақы үстемесі — 6,7% дейін.
Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Ырыс» бағдарламасы бойынша 2 тауарлы сүт фермасын қаржыландырған, бұл мақсатта 47 млн. теңге көлемінде несиелер беріледі.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі