2018 жылдың қазан айының басында Келес АІІБ-нің кезекші бөліміне аудандағы қожалықтың біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер беттеріне бетперде киген белгісіз тұлғалардың қожалыққа кіріп келіп, қарумен қорқытып, күзетшіні байлап, 16 бас ірі қара малды алып кеткенін анықтады
Аталған жайт ҚР ҚК-нің «қарақшылық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 2,5 млн. теңгені құрап отыр.
Келес АІІБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ең алдымен ұрланған малды ауылдан алыс емес жерден тауып, арада 2 күн өткен соң, мал ұрлағанадарды ұстады. Олар Түркістан облысының жас тұрғындары болып шықты.
Қарақшылық шабуыл жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде тәркіленген малдарды полицейлер заңды иелеріне қайтарды.
Түркістан облысының полицейлері облысы тұрғындарына жайылым жерлер мен мал қораларындағы малдарына ие болуын сұрайды. Мүмкіндігінше, жайылым жерлерге жібергенде арнайы малшы жалдап, малдарға таңба мен ен салып, мал қораларын бекітуін ескертеді.