Самал Еслямова Анталиядағы халықаралық фестивальда «Үздік актриса» атанды

321

Анталияда өткен 55-ші Халықаралық кинофестиваль жеңімпаздарының есімдері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы Анталия Халықаралық кинофестиваліне 10 фильм, соның ішінде 2 түрік фильмі ұсынылған, оларды 34 мың көрермен тамашалады. Кеше, 5 қазан күні фестиваль марапаттарын табыстау салтанаты өтті. «Үздік фильм» аталымында ирандық режиссер Джафар Панахидің «Үш Тұлға (Three Faces)» фильмі жеңіске жетті.

Режиссердің өзі үйқамақта болуына байланысты, жүлде оның қызына тапсырылды. «Үздік актриса» аталымының жеңімпазы атағына — «Айка» фильміндегі рөлі үшін Самал Еслямова лайықты деп табылды. «Үздік актер» наградасы «Капернаум» фильміндегі рөлі үшін Заин әл-Рафеаға берілді. Жапон режиссері Хирокадзу Корээда «Дүкен ұрылары (Shoplifters)» фильмі үшін «Үздік режиссер» атанды.