Түркістандық жастар «Айка» фильмінің режиссерімен кездесті

356

Түркістан қаласында Сергей Дворцевойдың «Айка» атты толықметражды психологиялық драмасының көрсетілімі өтті. Аталмыш фильм 2018 жылы өткен 71 – ші Канн кинофестивалінің «Ең үздік әйел рөлі» номинациясына Самал Еслямова лайық деп танылып, мерейімізді асырғаны есте.

Қ.А Яссауи атындағы ХҚТУ – нің мәдениет сарайында өткен фильм көрсетіліміне басты рөлді сомдаған актриса Самал Еслямова мен фильмнің режиссері Сергей Дворцевой арнайы қатысты.

Жиналған жастарға фильмнің үзінділері көрсетілді. Арасында фильмге қатысты қойылған сұрақтарға кештің басты қонақтары жауап берді.

Фильм қырғыз әйелінің басынан өткен жағдайды бейнелегенмен мақсаты – Мәскеуге жан-жақтан жұмыс іздеп келетін қиын жағдайдағы адамдардың өмірін суреттеу.

Фильмнің “Айка” деп аталу себебі қырғыздарда осы есім көп кездеседі. Негізінде Айнұр есімін осылайша атайды.

Сергей Дворцевой, фильм режиссері: «Менің кастинг жөніндегі көмекшілерім Самалды таңдағанымда сенбеді. Менің режиссерлік интуициям алдамады”.

Ал «Ең үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алған Самал Еслямова: «Мен үшін ең қиыны босанған ананы сомдау болды. Дегенмен ауылды жерде мал бағып өскен қыз болғандықтан барынша беріліп, шынайы ойнауға тырыстым” дейді.

Ардақ Берден