Медицина саласының болашақ мамандары тәжірибе алмасуда. Шымкент жоғары медицина колледжіне Ресей Федерациясының Саха республикасындағы жоғары білікті оқу ордасынан оқытушылар мен студенттер келді. Шетелдік қонақтар мен оқу ордасының шәкірттері теориялық және практикалық оқу дәрістеріне қатысып, тәжірбие алмасуда.

Былтыр Жоғары медициналық білім беру мекемесі статусына шымкенттік медициналық колледж ие болған еді. Мұнда білім алатын болашақ медицина мамандары жоғары білікті оқытушылардан дәріс алып келеді. Ал жақында колледжге Ресей федерациясы Саха республикасынан студенттер келді. Шетелден келген жастар оқу орнында практикамен теорияны ұштастыра отырып, тәжірибе алмасуда.

Оқу ордасындағы халықаралық тәжірибе алмасу жұмыстары одан әрі жанданады. Нақтырақ айтқанда, Шымкенттегі жоғары медицина колледжінің студенттері енді Саха республикасындағы білікті оқу орындарына барады. Білімдерін шыңдайтын болады дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Нұрлан Қасымов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Жоғары медицина колледжіндегі студенттер Саха Республикасына барып оқып келеді. Жалпы бұл жұмыстардың мақсаты медицина мамандарының сапасын көтеру. Бірінші кезекте жоғары сапалы мамандарды даярлау керек. Саха республикасынан бөлек колледжге Литва, колледж оқытушылары 2018 жылы HAMK және JAMK университеттерінің (Финляндия) халықаралық сарапшылары қатыстырылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы өткізген келесі тақырыптардағы шебер-кластарда білім алды».

Айта кетейік, шетелден келген қонақтардың қатысуымен тәжірибе алмасу жұмыстары бір аптаға жалғасады. Халықаралық деңгейдегі оқыту жұмыстары екі жақты келісім негізінде жүзеге асуда. Қазіргі уақытта Шымкент жоғары медицина колледжінде 8 медициналық және фармацевтикалық мамандықта 1655 студент білім алады.

2017-2018 оқу жылынан «Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша мамандар дайындау жүргізілуде. Ал 2018-2019 оқу жылынан «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы ендірілген.

Лаура Нақыпқызы