Шымкент әскери гарнизоны сотында жаңа төраға. ҚР Президентінің 9-шы қазанындағы Жарлығымен Кәрім Берік Сейтжанұлы Шымкент әскери гарнизоны сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.
Бүгін ҚР Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ахметжанов Ербол Ұлатайұлы ұжымға жаңа сот төрағасын таныстырды. Кәрім Берік Сейітжанұлы 1976 жылы Шымкент қаласында туған. Қарағандыдағы ІІМ — нің жоғарғы мектебін бітірген. Еңбек жолын 1997 жылдан құқық қорғау органдарында тергеу саласында бастаған.
Сот жүйесіндегі қызметін 2007 жылы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы болып бастаған. 2013 жылдан 2018 жылдың 9-шы қазанына дейін Төлеби аудандық сотының төрағасы қызметтерін атқарған. Отбасылы, төрт баланың әкесі.
Шымкент әскери сотының ұжымына жаңа төрағаны таныстырған Ербол Ахметжанов Кәрім Берік Сейтжанұлына сот төрелігін жүзеге асыруда жаңа қыметте сәттілік тіледі.
Жанар Есенбекова