ОҚО сотының жаңа төрағасы тағайындалды

1127
ОҚО сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды. Ол қызметті енді Баратбеков Талғат Қожанұлы атқарады. Ол бұған дейін Қазақстанның жоғары сотының судьясы боп қызмет еткен.

Бүгін Қазақстанның жоғары сотының төрағасы Қайрат Мәми жаңа төрағаны таныстырды. Талғат Қожанұлы 1973 жылы туған, әділет, прокуратура органдарында жұмыс істеген. Судьялық қызметтің барлық сатыларынан өткен деді Қайрат Мәми.

Ал бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық соты төрағасы лауазымын атқарған Нұрсерік Шәріпов Қазақстанның жоғары соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, облыстағы бірқатар сот төрағалары да жаңадан тағайындалды. Мысалы, Бәйдібек ауданының төрағасы болып бұған дейін Түлкібас аудандық сотының судьясы қызметін атқарған Ермек Қарақұлов тағайындалса, Отырар аудандық сотының төрағалығына – Әкімбек Жанасов, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа төраға болып бұған дейін Қазығұрт аудандық сотының төрағасы болған Қанатбек Қоңырбаев тағайындалды.

Жанар Есенбекова