Түркістан моншасы маңында жер асты суы көтерілген

451

Бүгін белгілі болғандай, Д. Қонаев даңғылын созу жұмыстарының алғашқы кезеңіне 700 млн. теңге жұмсалады. Бұл қаржыға 500 метр жол салынып, жол бойындағы 75 нысан бұзылады.

Бүгінде мердігерлер жер астындағы коммуналдық жүйелерді ауыстырумен айналысып жатыр. Даңғыл бойындағы Түркістан моншасы да сүріліп, қазір жер асты суы көтерілген. Құрылысқа тапсырыс берген жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша жолдағы жұмыс келер жылы толыққанды жүргізіледі.

Нұрлан Күдерұлы