Түркістан моншасының орнында қандай жұмыстар жүргізілуде?

539

Шымкент қаласындағы Түркістан моншасы қалалықтарға ширек ғасырдан астам қызмет көрсеткен болатын. Биылғы жыл басында монша қаланы көркейту мақсатында сүрілуге жататын ғимараттардың тізіміне енді.

Бүгінде монша толығымен сүріліп, асфальт төселуде. Д.Қонаев даңғылы ары қарай ұзартылмақ. Дәл қазіргі уақытта моншаның орнында қазу жұмыстары жүргізілуде. Қалалықтардың бұл жерде үй соғылатын шығар деген күдіктері де жоқ емес.

Дегенмен Қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының мамандары мұнда Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтуда. Бүгінде «Отау құрылыс» мердігер мекемесі аумақты қоқыстан тазартып жатыр. Қонаев даңғылын ұзарту жұмыстары 2019 жылға дейін жалғасатын болады.