Төтеншеліктер үй-үйді аралап жүр

366

Күн суи салысымен төтеншеліктер сақтық шараларына кірісе бастады. Үйді-үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жылыту құрылғыларының жұмысын қадағалап, оларды пайдалану ережелерімен таныстырды. Құзырлылар алдын-алу шаралары қайғылы оқиғалардың азаюына сеп болады дейді.

Бахадыр Расулов, Шымкент қаласы ТЖ басқармасының бөлім басшысы: «Мұндай шараларды күн сайын ұйымдастырамыз. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің 200-ден аса қызметкері қатысады. Олар улану жағдайларын азайту үшін барлық шараларды жасайды».

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар басқармасындағылар жылыту маусымы басталмай жатып қос бірдей улану оқиғасының тіркелгенін айтады. Төтеншеліктер жайсыз жәйттердің көбіне жеке тұрғын үйлерде орын алатынын айтады. Себептер де бірдей.

Айжан Исақова, қала тұрғыны: «Біз қыс мезгілінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаймыз. Біздің үйде жылыту құрылғысының жанында терезе бар. Біз үнемі желдетіп отырамыз. Ұйқыға жатар алдында да үй ішінде ауаны тазартамыз. Оттың басылуын қадағалап, сақтық шараларын сақтаймыз».

Төтеншеліктер тек ескертумен шектеліп қалмақ емес, улану жағдайларын болдырмау үшін жаңа қондырғылар орнатпақ.

Бахадыр Расулов, Шымкент қаласы ТЖ басқармасының бөлім басшысы: «Қазір автономды жылыту жүйесі мен газ қазандықтарына тетіктерді орнату бойынша «ҚазТрансГазАймақ» мекемесімен келіссөздер жүргізілуде. Бұл датчиктер көмірқышқыл газынының мөлшерін анықтайды. Бұл тұрғындардың сақтығы үшін керек.
Мұндай рейдтік шаралар ұдайы ұйымдастырылып отырады. Келесі түсіндіру шарасы Қайнар бұлақ елдімекенінде өтеді».

Мақпал Рысбаева