Халықтың банктердегі депозиттерінің көлемі соңғы бес жылда екі есе өсті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» және «Хабар24» Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі соңғы бес жылда 3,7 – 8,4 трлн теңге аралығында екі есе өсті. Жеке тұлғалардың банктік шоттарының саны 21-55 млн аралығында өсті. Депозиттердің өсуі негізінен бір және одан көп мерзімді құрайтын теңгедегі мерзімді депозиттерінің есебінен қамтамасыз етілді. 12 айда 20%-ға асты», – деді ҚДКҚ төрағасы Нұрлан Әбдірахманов айтты.

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, адамдар тұрақты түрде мерзімді салымдарға басымдылық береді. Таза қолда бар кірістің он теңгесінің әрбір сегіз теңгесі мерзімді салымдарға салынады. Олардың жартысынан көбі – бұл бір жылдан асатын салымдар болып табылады.

«Бұл үрдістер Ұлттық банктің теңгемен кепілдікті 15 миллион теңгеге дейін ұлғайту себебін түсіндіреді, ол депозит және жинақталған сыйақы сомасын өтейді. Көпшілікке арналған сегменттің теңгедегі бөлігі 72%-ды, ал шоттардың саны бойынша 95%-ды құрайды», – деді Н.Әбдірахманов.