Ғалымдар қатерлі ісіктің дамуын төрт есеге арттыратын факторды анықтады

317

Жасөспірім шақтағы семіздік онкологияның даму қаупін ерлерде 3,76 есе, әйелдерде 4,07 есе арттырады. Израильдің зерттеу тобы жасөспірім шақтағы семіздік болашақта ұйқы безі қатерлі ісігінің даму қаупін төрт есеге арттыратынын анықтады. Ғылыми еңбек Cancer журналында жарияланды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Зерттеушілер 16 жастан 19 жасқа дейінгі 1,8 миллион науқастың медициналық картасындағы деректерге талдау жасады. Еңбекте 1967 жылдан 2002 жылға дейінгі медициналық тексерудің нәтижелері ескерілді. Содан кейін олар медициналық картадағы деректерді 2012 жылдың соңына дейінгі ұйқы безі рагына шалдығу оқиғаларымен байланыстыра зерттеді.

Жасөспірім шақтағы семіздік онкологияның даму қаупін ерлерде 3,76 есе, әйелдерде 4,07 есе арттыратыны белгілі болды, деп жазды РИА Новости.

«Жасөспірім шақта семіздіктен немесе артық салмақтан зардап шеккен ерлер мен әйелдер ұйқы безі қатерлі ісігіне көбірек шалдығады», — деп жазылған ғылыми еңбекте.