2018 жылғы қазанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

312

2018 жылғы қазанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 28 620 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қазанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,8 пайызға жоғарылаған.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі — 18,7 пайыз, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны — 14,6 пайыз, жемістер мен көкөністерді — 12,7 пайыз, нан және жарма өнімдерін — 6,9 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,1 пайыз болды.