Электр энергиясын тұтыну көлемі жылдам артуда

124

Елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі жылдам артып жатыр. Энергетика министрінің айтуынша бір жылда ол 7 пайызға артқан.

Мағзұм Мырзағалиев бұл үлкен көрсеткіш дейді. Сол үшін тоқты үнемдеп үйренуіміз керек деп отыр. Ол үшін біріңғай операторлар тапшылық болғанда энергия көлемін шектей алатындай болуы керек.

Десе де, жетіспеушіліктің алдын алу үшін ауқымды жобалар іске асып жатыр,- дейді министр. Айтуынша 5 жылда 3 мың мегават генерациясы бар стансалар іске қосылмақ. Сондай-ақ, газ энергетикасынан бөлек, жаңартылатын энергия көздерін көбейту жоспарланған.Оңтүстіктегі жаңармалы энергия саласында Австрияның тәжірибесі қолданылады

2025 жылы оның үлесі 6%-ға, ал 2030 жылға қарай кемінде 15%-ға жетеді деп болжам жасалып отыр.

Шынар Оразова