Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқоролыққа қарсы Агенттігі мен оның аумақтық департаменттері тарапынан ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты — бизнесті қорғау, қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету.
А.ж. 31 қазан күні аталған жоба аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы Меморандумға Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев және «Kazakhtan CHN-KZ Eneregy Group» серіктестіктің құрылтайшысы — директоры Чу Донг салтанатты түрде қол қойды.
Іс-шараға Түркістан облысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ж.Махмут және «Kazakh invest» филиалының басшысы Д.Мамыров қатысты.
Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев өз сөзінде облыстың Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100% қорғауға кепілдік берілетіндігін жеткізді.
Бұл серіктестік елімізге жалпы құны 470 млн долларды құрайтын инвестиция құюда. Компания күн және жел электростансасының құрылысын салумен және энергетикалық жабдықтарды өңдеумен айналысады.
Осылайша, Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 215 млрд. теңгеден асатын 4 инвестормен жемқорлықсыз сүйемелдеу бойынша келісім жасалды.