Алдағы күндері қар жауып, көктайғақ күтіледі

357
Bigmir.net

Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жариялады. Аптаның алғашқы күнінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстігі мен орталығында ауа ағынының өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, екпінді жел мен бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола облысында тұман түседі, жолдарда көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Алматы облысында Жалаңашкөл аумағында жел күшейеді, жылдамдығы -15-20 м/с, түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Жамбыл облысында да тұман күтіледі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Қостанай облысында кей жерлерде — тұман, көктайғақ. Солтүстік Қазақстан облысының кей бөліктеріне тұман түседі, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысында тұман түсуі ықтимал. Қарағанды облысында да тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Күндіз Түркістан облысында жел күшейеді — 15-20 м/с. Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.