Шымкентте су тасу қаупі бар каналдар мен арықтар тазаланып жатыр. Әсіресе Әл Фараби ауданы әкімдігінің мамандары тазалық мекемесімен бірлесіп, күл-қоқысты шығаруда. Бұл шара желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Шаһарда «ЛТД тұрмыс» мекемесіне қарасты 9 канал бар. Соңғысы Сайрам ауданынан өткен Ақсай, Қарабастау каналы. Бұл каналдардың ұзындығы 90 шақырымды құрайды. Бойын күл қоқыстан тазарту механикалық және қол күшімен іске асырылады. «Жаңашек» каналын серіктестік жұмысшалары қолмен тазартуға мәжбүр. Канал жағалауына заңсыз нысандар салынып кеткендіктен техника кіре алмайды.

Ал Әл Фараби ауданы әкімдігіне қарасты 400 — ден астам ауланы күл қоқыстан тазартуға жеті бригада жүктелген. Күзді күні талдан түскен жапырақтарды сыпырса, қыста қарды аршиды. Қала әкімінің тапсырмасына сай арықтар да тазартылады. Жиналған жапырақ пен қордаланған қоқыс судың ағысына кедергі болмауы тиіс.

Даурен Босымбаев, Әл Фараби ауданы әкімінің орынбасары: «Біз тұрғындардан сұранар едік су тасуы ықтимал аумақтар болса әкімдіктің дистпечерлік орталығына хабарласса және тазалыққа немқұрайлы қарамай өз аулаларының тазалығына атсалыса дейміз».

Бұдан бөлек, қала аумағында ағаштарды күзгі қырқу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Тұрғындар өз аулаларындағы қураған ағаш бұтақтарды кесуге тапсырыс бере алады.

Нұрлан Күдерұлы