Ағымдағы жылғы 5 қарашада Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен Алматы-Ташкент тас жолы бағытында маркасы «YOENG K 6108 hdh» қоғамдық автобусына бұзақылық ниетпен травматикалық қарудан оқ атқан Түркістан облысының тұрғындары ұсталды.
Айғақтық заттар тәркіленіп алынды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.
Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі