Дәрігерлер ірі сауда орталықта тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсетті

436

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы «Біз салауатты өмір салты үшін» ұранымен акция өткізді.

Акцияға қатысқан әр қала тұрғыны терапевт, эндокринолог, кардиолог, педиатр, офтольмолог және жалпы практика дәрігерлерінің тегін медициналық кеңесін алды. Жалпы акция барысында мамандар 200-ге жуық азаматты қабылдады. Олардың 169-ы кіші лабороториялық тексеруден өтті.

Шараның негізгі мақсаты әрбір адамның назарын салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыруға назар аударту, әрбір азаматтың өз денсаулығын сақтау және нығайту үшін жауапкершілігін арттыру, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Сондай-ақ, шара аясында Шымкент жоғары медицина колледжінің студенттері әр түрлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сағатын өткізді. Нақтырақ айтқанда, болашақ дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын дұрыс жүргізуге үйретіп, зардап шегушілерге қандай көмек көрсету керектігін көрсетті.

Ең бастысы қала тұрғындарына тегін кепілдендірілген көлемі шеңберінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша көрсетілетін медициналық көмектің түрлері және медициналық сақтандыруды ендірудің маңыздылығы туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Лаура Нақыпқызы