Елімізде орташа жалақы 164 552 теңгені құрады

191
Baribar.kz

2018 жылдың қазан айындағы бір жалдамалы қызметкердің орташа айлық жалақысының мөлшері 164 552 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде, биылғы жылдың қыркүйегінде тұрғындардың бір айдағы жан басына шаққандағы ақшалай шығындарының орташа көлемі 89 613 теңгені құраған. Тұрғындардың ақшалай табысы өткен жылмен салыстырғанда 8,6 пайызға, нақты алғанда 2,4 пайызға өскен.