Шымкентте орташа жалақы көлемі 229 889 теңге

46

Шымкентте 31 мыңнан астам тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты. Шаһарда жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін “Жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру” бағыты бойынша бірнеше өндіріс орны іске қосылды.

Ал барлық мемлекеттік жоба негізінде жұмыспен қамту шарасына 52 мыңнан астам адам қатысқан. Биыл әлеуметтік көмек алушы отбасы саны 15 600-ді құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 69 пайызға аз. Ал былтыр 51 263 жанұяның мемлекеттен көмек алуға өтініші мақұлданған.

Сонымен қатар, үшінші мегаполите 9 айындың қорытындысына сәйкес орташа жалақы 229 889 теңгені құрады.