14 – қарашада Темірлан тас жолында болған жол көлік оқиғасының мән жайы белгілі болды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан екі ер адамды Toyota Camry қағып кеткен болатын.

Зардап шеккендер бір-біріне бауыр болып келетін ағайындылар. Еңбекші аудандық полиция бөлімінде учаскелік инспекторы болып қызмет атқарған 1984 жылғы тәртіп сақшысы алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
32 жастағы екінші зардап шегуші жарақатының ауырлығына байланысты ауруханаға жеткізілді. Әскери қызметкердің жағдайы ауыр.

Сержан Тоқтасынов, Шымкент қалалық сотының судьясы: «Ұсталған азаматқа ҚР ҚК-нің 345 бөлімінің 1 бөлігі бойынша яғни, «Жол жүру ережелерін сақтамау салдарынан адам өліміне әкеп соқтыру» бабы бойынша айып тағылды».

Toyota Camry-ді тізгіндеген Атырау облысының 1998 жылғы тұрғыны ұсталды.