Бүгін «Отырар» телеарнасының құрылғанына – 26 жыл! Бұл датаны редакция ұжымы ғана емес, телеарна көрермендері де бізбен бірге тікелей эфирде атап өтті. Толассыз құттықтауларын жеткізіп, ұжымға шығармашылық табыстар тілесті. Республиканың үздік медиахолдингі мерекелік күнді керемет көңіл күйде атап өтті.

Бүгін «Отырар» телеарнасының 26 жылдық мерейтойы тойлану үстінде. Айтулы күнге орай медиахолдингіміздің ішінде түрлі мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылған. Соның бірі – дәл «Жаңа күн» ақпараттық сазды бағдарламасы тікелей түсірілім жүргізді.

1992 жылдың қараша айында облысымызда алғаш рет тәуелсіз арна ашылды. Бұл ерекше құбылыс болғаны рас. Өйткені бұл уақытта облыста бірде бір тәуелсіз телеарна болған емес.

Ширек ғасырдан аса уақыт ішінде ұжымның саны ғана емес, сапасы да артып келеді. Себебі, “Отырар” медиахолдингі еліміздегі талай білікті журналистердің түпкі мектебіне айналған. Әрі бұл шығармашылық ортада әлі де кәсіби мамандар жұмыла қызмет атқарып келеді.

26 жылда телеарнаның негізгі діңгегін қалап, республика деңгейінде беделін өсіруге үлес қосқан басшылармыздың бірі Валентина Куликова. Бар өмірін осы арнаның шығармашылығына сарп еткен экс-директорымызда “Отырарды” мерейтойымен құттықтауды ұмытпады.

Бүгінде «Отырар» медиахолдингі «Оңтүстік Рабат», «Рабат» және екі тілде жаңалық жеткізетін “Отырар.кз” сайты сынды ақпараттық баспасөз құралдарын қамтып отыр. Ал арна күнделікті 3 мезгіл 2 тілде ақпарат таратады. Сондай-ақ, шығармашылық ұжымда 115 қызметкер жұмыс істейді. Осыншама маманның еңбегін елеген тұрғындар да сүйікті арналарына жылы лебіздерін аямады.

Шымкент қаласы және облыс тұрғындарына арнап өзекті де өткір тақырыптарды көтеруден қорықпайтын теларнаның ұраны да – «Отырар” сіздің телеарнаңыз! Сол себепті халық үшін қызмет ететін арнамыздың ғұмыры ұзақ болсын деп тілейміз!

Айя Мүтәлі