Шымкентте жеке кәсіпкер атанғысы келетін жастардың саны күннен-күнге артып келді. Оның дәлелі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының мұрындық болуымен әр аптаның сейсенбісінде өткізілетін ашық есік күніндегі жастардың қарасының көбеюі.
2018 жылдың өзінде-ақ «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1730 жас білім алып, оның 257-і өздерінің кәсіптерін бірден бастап кеткен.
Биылғы жылы арнайы бағдарлама шеңберінде несие алу үшін қаладан 76 жас кәсіпкер өз жобасын ұсынып, оның 21-і мақұлданып, 300 млн теңге көлемінде екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие алып, өз кәсіптерін дөңгелетуде осылайша қолдау тауып отыр.
Меруерт Ахан