Таразда Мамбет батыр көшесі бойында орналасқан «Ауыл-Береке» базары өртенді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Өрт кадрларын бізге мобильді репортерлеріміз жіберді. Кадр сыртындағы әйел азаматы базар түгелімен жанып жатқанын айтады. Осы сәтте екінші біреу: «картоп қатарларында пеш қалды» дегенді айтады. Онымен видеоны сипаттап беріп отырған адам келіседі.

Кейінірек белгілі болғандай, ҚР ІІМ ТЖК-гілер өрт шыққан базарда киімдері бар тоғыз дүңгіршек жанып кеткенін хабарлады. Өрттің себебі анықталуда. Өрт сағат 10: 01-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрт сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД жеке құрамынан 49 адам және 10 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.