30 — қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен «Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты – халыққа білікті, тегін заң көмегін көрсету. Сіздерге кәсіби адвокаттар мен нотариустар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметшілері оның ішінде, білім, денсаулық, еңбек, әлеуметтік көмек, ауыл шаруашылығы, жер салалары бойынша білікті де тәжірибелі мамандар құқықтық кеңестер беретін болады.
Өткізілу күні: 30 қараша 2018 жылы, басталу уақыты: сағат 16:00.
Өткізілетін орны: Түркістан қаласы, Қызылорда тасжолы №35а үй, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан қаласы бойынша №1 филиалының ғимараты, «Алтын бұлақ» базарының жанында орналасқан.