Қаратау ауданы «Нұрсәт» шағынауданында жеке мекеме «Smart» бастауыш мектебі ашылды. Мектепте балалардың заманауи үлгіде жаңартылған бағдарламалармен білім алуына және жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында барлық қолайлы жағдайлар мен кең мүмкіндіктер қарастырылған.

Мектепте балаларға жоғары санатты арнайы мамандар сабақтар жүргізеді.Аудан аумағындағы жаңашыл мектептің салтанатты ашылу рәсімі шарасына аудан әкімінің орынбасары Бекназаров Ерлан Нұрланұлы қатысып, мектеп ұжымына лебізін жеткізді.

Өз сөзінде аудан әкімі орынбасары аталған мектептің ауданымызда ашылуы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы білім саласының жаңа әдіс-тәсілдерімен жұмыс жасау талабының негізгі бастамаларының бірі екендігін атап өтті.