Жол-көлік оқиғасы 3 адамның өмірін жалмады

382

Сайрам ауданында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жантүршігерлік жол апаты Ақсукентке барар тас жолда орын алған.

«ВАЗ 2106» маркалы автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, «Ауди» автокөлігімен соқтығысқан.

Нәтижесінде, «Жигули» автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі бірдей жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал, «Ауди» маркалы автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттарымен емханаға жеткізілді.

Түркістан облысы ПД-нің анықтаушылары ҚР ҚК-нің 345-бабы — «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта Түркістан облысының полицейлері жол-көлік оқиғасын тергеп-тексеруде.