inform.kz

Қытайда тұратын 2 мың этникалық қазақ аталмыш елден шығуға рұқсат алды. Бұл жайында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дипломатиялық арналар арқылы Қытай тарапымен жұмыс жүріп жатыр. Қытай тарабы ізгі  ишара ретінде Қытай аумағынан 2 мыңнан астам қазақтың шығуына рұқсат берді», — деді Айбек Смадияров.

ҚР СІМ мәліметінше, қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесінде бірқатар этникалық қазақ Қазақстан аумағында тұрып жатқан туыстарымен қауышты. Қытай тарабы ҚХР азаматтығынан шығу тәртібін жеңілдетті. Атап айтқанда, биылғы тоғыз айда 2,5 мың қазақ Қытай азаматтығынан шығу құжатын рәсімдеді.