Түркістанда 1,6 млрд доллардың 4 жобасы жүзеге асады

15
фото ТО әкімінің баспасөз қызметі

Түркістанға 18 қабатты қонақ үй бой көтереді. Ол үшін Қытай компаниялары инвестиция құятын болды. Қазір келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл мүмкіндікке өңір басшысы Вэйнань қаласына жасаған іс-сапарында қол жеткізді.

Түркістанда дәл осындай 5 жұлдызды қонақ үй салынады. 18 қабатты ғимараттың ішінде аквапарк және вилла кешені мен бизнес орталықтары болады деп жоспарланған. Жоба құны 270 млн. долларды құрайды. Мұндай келісімге өңір басшысы Қытайға сапары барысында қол жеткізді. Сонымен қатар, 1 жарым млрд. АҚШ долларынан асатын 4 жоба жүзеге асады. Аспан асты еліне сапарлаған облыс басшысы ондағы бизнес нысандарын аралап көрді.

Сонымен қатар Күнгейде Қытайлық компаниямен бірлесе бейнебақылау камераларын шығаратын зауыт салынады. Ондағы мақсат – облыс аумағында фабрикалар санып көбейтіп, халықтың әл-ауқатын арттыру. Игі мақсатты жүзеге асырудың алғашқы қадамы ретінде өңір әкімі бірнеше мемарандумға қол қойды.

Түркістан облысы делегациясының аспан асты еліне іс-сапары жалғасып жатыр. Нәтижесінде кәсіпкерлер Қытайдың бай тәжірибесін меңгеріп, өңірде жаңа кәсіпорындарды іске қосу жоспарда бар.