Қала әкімі Әлем чемпионатының жүлдегерлерін марапаттады

436

Мерейлі мереке қарсаңында қаламыздың ғана емес еліміздің атын әлемдік ареналарда аспандатқан спорт саңлақтары құрмет пен қошеметке бөленді. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов Әлем чемпионатының жүлдегерлерін арнайы марапаттады.

Биылғы жылы жеңімпаздардың баспалдағында тұру бақыты бұйырған спортшыларымыз Мейіржан Шермағанбет пен Жайна Шекербекова қала әкімінің құрметті қабылдауында болды.

Венгрия Астанасы Будапешт қаласында күрестен Әлем чемпионаты өтіп, грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде шымкенттік Мейіржан Шермағанбет қола медальді жеңіп алған болатын. Ал, Жайна Шекербекова болса Нью-Делиде өткен Әлем чемпионатында әйелдер боксынан күміс медаль олжалады.

Бүгін Жайна шаһар басшысынан 2 млн. теңге, ал Мейіржан 1,5 млн теңгелей сыйақы алды. Бұл мерекелік шараға қатысқан спортшылар чемпиондардың ізін басуға ынталандыратыны сөзсіз.